From Wikipedia, the free encyclopedia
ЦСКА Мәскеу (орыс. ЦСКА Москва) — Ресей Премьер Лигасында ойнайтын Ресей футбол клубы. Мәскеу қаласының "Лужники" стадионы клубтың базасы болып саналады.
"ЦСКА" футбол клубының тарихы шаңғы спортының әуесқойларының қоғамында футбол секциясын ұйымдастырылғанда 1911 жылда басталды[1]. Бiрiншi бапкер Павел Халиколов болды. 1935 жылдың күзінде "ЦСКА" Мәскеу чемпионатын ұтты.
Клуб КСРО дәуірінде төрт маусымды ғана бірінші лигада өткізді. 1989 жылы соңғы рет бірінші лигада ойнап, жеңімпаз атанды да, жоғары лигаға өтті. 1991 жылы КСРО чемпионы атанды да, КСРО чемпионатының соңғы чемпионы ретінде тарихта қалды. Жалпы, КСРО чемпионатында жеті рет алтын жүлдегер атанған.
2003 жылы тұңғыш рет Ресей чемпионы атанды.
Ресей клубтары арасында УЕФА кубогын тұңғыш ұтқан клуб. 2005 жылы Португалияның "Спортинг" клубымен финалда ойнап, бірінші гол жібергендеріне қарамастан, үш гол соқты да, кубокты олжалады.
КСРО / Ресей чемпионаты
КСРО / Ресей кубогы
КСРО / Ресей суперкубогы
КСРО бірінші лигасы
УЕФА кубогы
УЕФА Суперкубогы
Жарыс | Ойындар | Жеңістер | Тең ойындар | Жеңілістер | Голдар соққы | Голдар жіберілген | Голдар айырма |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Чемпиондар Лигасы | 52 | 18 | 13 | 21 | 59 | 65 | −6 |
УЕФА Кубогы/Еуропа Лигасы | 39 | 21 | 9 | 9 | 58 | 29 | +29 |
УЕФА Суперкубогы | 1 | 0 | 0 | 1 | 1 | 3 | −2 |
Барлығы | 96 | 41 | 22 | 33 | 127 | 106 | +21 |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.